Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы кітапхана қоры 1995 жылы сол кездегі Институт директоры, ф.ғ.д., профессор
Көбей Шахметұлы Хұсайынмен
директордың орынбасары, ф.ғ.д., профессор
Нұргелді Уәлидің
бастамасымен құрылды. Кітапханаға 2018 жылы профессор К.Ш.Хұсайынның есімі беріліп, «Зертхана» болып қайта құрылды. 2021 жылдан бастап кітапхана қоры цифрландырылып, ғылымның бір саласы лингвистикаға арналған алғашқы электронды кітапхана болып, заманауи форматта қайта жасақталды. Осылайша зертхананың дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1. Зертхана кезеңі.
Зертхана 1995 жылы белгілі фонетист ғалым, ф.ғ.к.
Жұбаныш Аралбаевтың
жеке кітапханасындағы кітап қоры негізінде құрылды. Ғалым қайтыс болғаннан кейін, 1995 жылы жұбайы
Разита
ханымнан Институттың сол кездегі директоры Көбей Шахметұлы Хұсайынның бастамасы бойынша,
Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің
қолдауымен,
Сорос қорының
қаржылық көмегімен 6 000 ғылыми кітап Институт базасына сатып алынды. Сол кездегі Сорос қорының Қазақстандағы басшысы Брайн мырза кітапхана жасақталатын бөлмені өз көзімен көріп, толық танысқаннан кейін ғана келісімін беріп, кітап қорын алуға демеушілік көрсетті. Кітапхананың қоры 2006 жылы ф.ғ.к.
Адай Есенқұлұлының
ғылыми-лингвистикалық кітаптарымен де біршама толықты. Содан бері кітапхана мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітаптармен, баспалар мен ғалымдар сыйға тартқан кітаптармен, Институт ғалымдарының ғылыми өнімдерімен де күн сайын молайып жатыр. Қазірт кітапхана қорында 9000 кітап бар.
2. «Профессор Хұсайын Шахметұлы Көбей атындағы зертхана» кезеңі.
2018 жылы Институттың сол кездегі директоры ф.ғ.д., профессор
Ерден Задаұлы Қажыбектің
және Ғылыми кеңестің қолдауымен Зертханаға Профессор Көбей Шахметұлы Хұсайынның есімі беріліп, салтанатты түрде ашылды.
3. «Тілтанымдық электрондық кітапхана» кезеңі.
Ғылым мен техниканың дамуына, ақпараттық қоғамның сұранысына сәйкес, ғалымдар мен оқырмандардың уақытын үнемдеу, ақпаратты қамту ауқымын ұлғайту, жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында кітап қорын сандық форматқа көшіру күн тәртібіне қойылды. Зертханадағы кітап қоры 2020 жылдан бастап сол кездегі кітапхана меңгерушісі
Гүлнар Әбдіхалықованың
атсалысуымен сандық форматқа көшіріле бастады.
2021 жыл Зертхана қоры Институт директоры
Анар Мұратқызы Фазылжанның
бастамасымен және тапсырмасымен қарқынды цифрландыру жұмыстары басталды. Жұмыс барысын директордың орынбасары
Ермұхамбет Маралбек
ұйымдастырды, Зертхана меңгерушісі
Назира Бателова
үйлестіру жұмыстарын табысты атқарды. Кітап қорын цифрландыруға Институт қабырғасына келген практиканттар атсалысты және 6 адамнан тұратын арнайы топ үздіксіз жұмыс жасады:
1. Асанқызы Аружан
2. Аққұлова Томирис
3. Оразбек Нұрсұлу
4. Раматолла Нағим
5. Мамытова Аяулы
6. Карбозова Әсем
7. Жұманқызы Алтын
Нәтижесінде 2021-2022 жылдар аралығында 3000-нан аса кітап сандық форматқа көшірілді.
Директордың тікелей араласуымен және тапсырмасымен www.tbikitap.kz сайты дайындалып, сандық форматтағы кітап қоры негізінде «Электронды лингвистикалық кітапхана» жасақталды. Зертхана сайтын білікті дизайнер-программист
Нұрлан Қайрамбаев
және
Сағитжан Мағжан
дайындады.
Электронды кітапхана құру үшін үлкен форматтағы 2,5 млн. тұратын екі бағалы сканер planetarnyy-skaner-optima-a2, шағын сканерлер және сапалы компьютерлер сатып алынды. Институтта күрделі жөндеуден кейін 2010 жылы Зертханаға жаңа құрал-жабдықтар сатып алынып, материалдық базасы жаңартылды.